Қазақстан Суретшілер одағында көрме ашылды деп естіп едім. Онда нақты қандай авторлардың шығармалары қойылған?
Әйгерім ӘСЕТҚЫЗЫ, Тараз
Қазақстан Суретшілер одағының бас ғимаратындағы «Ұлар» көркемөнер галереясында ашылған бұл көрмеге батысқазақстандық қылқалам шеберлерінің суреттері қойылған.
Биылғы жылы Қазақстан Суретшілер одағының құрылғанына 80 жыл толады. Бұл шара сол мерейтойдың аясында өтіп отыр. Батысқазақстандық суретшілер шығармашылық ұйымның мерейтойына осындай сый жасағанды ұйғарыпты. Көрмеге үш буын өкілдерінен бір-бір суреткер таңдалынып алынған. Шығармалар әртүрлі жанрды қамтыған. Жазылу тәсілдері де әртүрлі. Шараның өтуіне батысқазақстандық белгілі суретші Қуандық Мәдір ұйытқы болған. Нақты айтқанда, бұл көрмеге ұзақ жылдар қалалық көркемсурет мектебінде дәріс берген суретші ұстаз Надежда Тихонованың, ұлттық тақырыпта, қазақи таным-түсінікпен тарихи бағытта еңбектенетін қылқалам иесі Қанат Оразовтың, өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан дарынды жас суретші Мэлс Отаровтың жұмыстары қойылған. Аталған үш қылқалам иесі де – көптеген облыстық, республикалық, халықаралық байқау-фестивальдерге қатысып, тәжірибе жинақтаған суретшілер.
Бұл – батысқазақстандық суретшілердің тартуы
Последние статьи автора