Бүкіләлемдік әскери спорттық ойындар

Осы Қарулы Күштер арасында халықаралық әскери ойындар немесе чемпионаттар өткізіліп тұра ма?
Дидар Нұрмағамбетов,
Қарағанды облысы
Өткізілгенде қандай! Қарулы Күштер ара­сын­да Олимпиада ойындары сияқты бүкіл­әлем­дік әскери спорттық ойындар өткізіліп тұра­ды. Халықаралық әскери спорт кеңесінің туы астында төрт жылда бір рет Бүкіләлемдік әскери спорттық ойындар ұйымдастырылып келеді. Жазғы спорт түрлерінен алғаш рет Ұлы Жеңістің 50 жылдығына орай­лас­ты­ры­лып, 1995 жылы І бүкіләлемдік әскери спорт­тық ойын­дар өткізілген. Содан кейін төрт жылдық жиі­лік сақталып, 1999 жылы Загребте (Хор­ва­тия), 2003 жылы Катанияда (Италия), 2007 жы­лы Хайдарабадта (Үндіс­тан) қарулы күш­тер­­дің бүкіләлемдік ойын­да­ры өткізілді. 2015 жыл­ғы бесінші дүние­жү­зілік әскери дода Мунйон­­да (Оңтүстік Корея) жалауын желбірет­пек.
Жүйелі түрде өткізіліп келе жатқан Бүкіл­әлемдік әскери спорттық ойындарға кейінгі жыл­­дары 100-ден астам елдердің әскери спорт­­­шылары қатысуда. Аталмыш додада 20 шақты спорт түрінен жекелей және ко­ман­да­лық сын­да бірнеше медальдар жиын­тығы сарап­­­қа са­лынады. Олардың арасында әске­ри-қол­дан­балы сайыстар, жекпе-жек түрлері, пара­­шютпен се­кіру, әскери бессайыс сынды қарулы күштерге тән спорт түрлерімен қоса, Олимпиада ойын­да­ры бағдарламасына енетін спорт түрлері де бар.
Ал қысқы спорт түрлерінен І бүкіләлемдік әскери спорттық ойындар тек 2010 жылы өткізілді. Италияның Аоста деген қаласында өт­кен алғашқы дүбірлі додаға 42 елдің әс­ке­рінің сардарлары мен сарбаздары қатысты. Оның бағдарламасындағы спорт түрлерінің барлығы дерлік – қысқы Олимпиада ойын­дары бағ­дар­ламасына кіретін спорт түрлері (әрине, мәнер­леп сырғанау жоқ, әзірше). Қысқы Олимпиада ойын­дарынан өзгешелігі, оның бағдар­ла­ма­сында құзға өрмелеу спорты бар. Ал альпинизм көрсетілімді (таныс­тыры­лым­ды) спорт түрі ретінде ғана Бүкіл­әлем­дік әске­ри спорттық ойын­дар бағдарламасына ілікті.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста