Тарихтан ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс болған диктаторлардың өткені туралы хабардармыз. Ал қазіргі заманның диктаторлары кімдер? Олардың қайсысы атышулы?
Біржан ӨТЕБАЕВ, Алматы облысы
Жақында ғана The Foreign Policy журналы 40 шақты елдің диктаторларының рейтингін жариялады. Журналға сенсек, әлемнің 1 млрд 900 миллион халқы диктаторлар орнатқан қатаң режимде өмір сүріп жатқан көрінеді. Диктаторлық режим көбінесе Африкаға тән болса, сонымен бірге бұл тізімге ТМД елдерінен Түрікменстан, Өзбекстан және Беларусь елдерінің басшылары енген. Америкалық журналдың дерегі бойынша, жеке басына табындырып, шектен тыс қаталдығымен аты шыққандардың тізімін Солтүстік Корея көсемі бастап тұр. Бұл тізімнен Уго Чавес, Рауль Кастролар табылды. Сонымен, бүгінгінің атышулы диктаторларының кейбірін атап өтсек: 1) Ким Чен Ир, КХДР (16 жылдан бері билікте), 2) Роберт Мугабе, Зимбабве (30 жылдан бері билікте), 3) Тан Шве, Бирма (18 жылдан бері билікте),
4) Омар Хассан әл-Башир, Судан (21 жылдан бері), 5) Құрбанқұлы Бердімұхамедов, Түрікменстан (4 жылдан бері), 6) Исайя Афеворк, Эритрея (17 жылдан бері), 7) Ислам Каримов, Өзбекстан (20 жылдан бері), 8) Махмұд Ахмадинежад, Иран (5 жылдан бері), 9) Мелес Зенауи, Эфиопия (19 жылдан бері), 10) Ху Цзиньтао, Қытай (7 жылдан бері), 11) Муаммар Каддафи, Ливия (41 жылдан бері), 12) Башар әл-Асад, Сирия (10 жылдан бері), 13) Индрис Деби, Чад (20 жылдан бері) және т.б.
Бүгінгінің атышулы диктаторлары кімдер?
Последние статьи автора