Бозбала Нұрсұлтан жайлы сыныптастары не дейді?

Бозбала Нұрсұлтан жайлы сыныптастары не дейді?

Маған Тұңғыш Президенттің өмірі жайлы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» деген көркем фильм қатты ұнайды. Әсіресе болашақ Президенттің жоғары сыныпта оқып жүргендегі сәттері қызық. Менің білгім келетіні, Мемлекет басшысымен сол кезде бірге оқыған, бүгінде арамызда жүрген замандастары не дейді? Фильм, шынымен де, өмірден қаз-қалпында алынған ба?
Сәния МАКСИМОВА,
Ақтау қаласы
Режиссер Рүстем Әбдірашевтің «Балалық шағымның аспаны» фильмі Н.Назарбаевтың «Без правых и ле­вых», «Эпицентр мира» және «В центре Евразии» атты әдеби есте­лік­те­рінің негізінде түсірілген. Елбасының сыныптастары көркем фильмнің, шынымен де, сол балалық, жастық шақты көз алдымызға әкелетінін айтады. Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, Н.Назарбаевпен бір сыныпта оқыған Күләш Әмірова бұл жөнінде былай дейді: «Нұрекең түр десе, түрі бар, бой десе, бойы бар жігіт болды. Барлық қоғамдық жұмыстардың алдың­ғы шебінен табыла білетін. Сол жыл­дары біздің мектепке «ЖенПИ»-дің прак­тикант бойжеткен қыздары келіп, сабақ беретін. Жастары сәл үлкен болса да, олардың кейбірі біздің Нұрекеңе сырттай ғашық болып жүре­тін. Біз де мұны сезе­тін­біз. 10-сыныпты аман-есен бітіргеннен кейін бірнеше жас­ты Теміртауға жолдамамен жібе­ре­тін болды. Көпшілігіміз, әсіресе қыз­дар жағы алысқа барғымыз келмей, бас тарттық. Ал екі-үш жігіт Те­міртауға аттанып кетті. Олардың арасында Нұр­сұл­тан да болды. Ол сол кезде-ақ өз мүм­кіндігін бі­ліп, білімі мен білік­тілігіне сенген еді».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста