Босану, дүниеге сәби әкелу - бақыт. Босанғаннан кейін де жасарып, жеңілдеп қалатыны да өз алдына бір қуаныш. Әйтсе де, бала туғаннан соң әйелдің қалыпқа келуі қиындық тудырады, әсіресе, терінің созылып, кейде, тіпті жыртылып кетуі. Аталмыш проблемамен күресу оңай емес. Алайда, пайдасы мол әдіс-тәсілдерді назарларыңызға ұсынып көрелік!
Босанғанннан кейін екі аптадан соң белдік іш киімін үнемі тағып жүріңіз. Жиырма күннен кейін оның орнына «босанғаннан кейін киілетін бандаж» қолданғаныңыз жөн. Бірақ, ұйықтар алдында шешіп қоюды ұмытпаңыз.
Әрдайым физикалық жаттығулар жасап тұрыңыз. Ол жамбасыңыздағы, ішіңіздегі созылып кеткен теріні қатайтады.
Мұндай жағдайда массаждың да көмегі зор. Теріңізге икемділік, иілгіштік сынды қасиеттерді қалыптастыру үшін массажға барып тұрғаныңыз дұрыс.
Жүзу де өз алдына формаңызды қалыпқа келтіруде әсерін тигізеді. Сондықтан, бассейнге жазылыңыз.
Терінің созылуын жою үшін үй жағдайында өсімідік майымен, теңіз балдырымен сылауға болады.
Сонымен қатар, босанғаннан кейін пайдалануға арналған май, кремдерді де ұмытпаңыз. Күнделікті өмірде крем, маска, бальзам, скраб бәрін қолдана беріңіз, олар терінің созылуына кері әсерін беріп және созылып кеткен терілердің тартылуына көмегін тигізеді.
Бұл тәсілдердің пайдасы болмаса, зияны жоқ, көмектесері анық. Ең бастысы, ерінбей аталмыш шараларды жасап тұрғаныңыз абзал. Іске сәт!
Дереккөз: Reactor