Кәдімгі оқушының тақтаға жазуға арналған борын жегім келеді де тұрады. Тіпті соңғы кездері қорабымен жейтін болдым. Бұл әдет пе, әлде маған бірдеңе жетіспей ме?
Гүлшара ӘБДІХАМИТ, Арқалық қаласы
Бұл – қаназдықтың белгісі. Қаны аз адам тамаққа құлқы болмай, керісінше, бор, ақ балшық секілді нәрселерге аңсары ауады. Мұның өзі асқазанға ауыр тиіп, ағзадағы зат алмасу процесіне кері әсер етеді. Сондықтан мұндай белгілер байқалған адам бор, ақ балшық жеуден өзін тыйып, дәрігерге көрінуге асыққаны жөн. Қаназдық дертінің ағзаға басты зияны – қорғаныс қабілетін төмендетеді, соның салдарынан адам әлсіз болып, жұқпалы ауруларға жиі ұрынады. Тез шаршап, еңбекке қабілеттілігі төмендейді. Ал қаназдықтың алдын алу жолы – дұрыс тамақтана білу. Қаназдыққа әдетте темір препараттары тағайындалады. Темір – ет, балық, бұршақ тұқымдастарында, сұлы, қарақұмық жармаларының құрамында мол болады. Жас сәбилер қаназдыққа ұшырамауы үшін ең дұрысы – ана сүті. Ал жасанды жолмен тамақтандырылатын балаларға темірмен байытылған қоспалар мен жармалар берген жөн.
Бор жей бергім келеді. Неге?
Последние статьи автора