Бокс қашан пайда болған?

Бокс қашан пайда болған?

Спорттан еліміздің мерейін үстем етіп отырған бокс алғаш рет қашан пайда болған? Қателеспесем, ХVІІ ғасырда Англияда болар?
Азамат Мұхтаров,
Қарағанды қаласы
Азамат, спорттың бұл түрі сіз ойла­ғаннан да ертеректе пайда болыпты. Сене­сіз бе, археологтар ежелгі шумерлер мекен еткен үңгірлердің дуалдарынан екі ер адамның жұдырықтасып жатқан кескін суретін тапқан. Сөйтіп, зерттей келе, бұл біздің заманымыздан үш мың жыл бұрын қашалған сурет екені анықталған.
Сондай-ақ ежелгі гректердің жер бедерін зерттеушілер біздің заманы­мызға дейінгі екі мың жыл бұрын қа­шал­ған суретті кездестірді. Онда екі ер адамның жұдырықтасып жатқаны жә­не жекпе-жекті тамашалап отырған көрер­мендер бейнеленген екен. Ал 1927 жы­лы америкалық Спенсер есімді архео­лог Бағдат жерінен екі боксшының жұ­­­­ды­­­­рықтасуға дайындалып жатқаны бей­неленген тас плитасын тауып алады. Арты­нан анықталғандай, бұл тасқа жеті мың жыл болған көрінеді. Демек, сол кезде-ақ адам баласы бокстың не екенін білген. Дегенмен сіздің айтып тұрғаныңыз да дұрыс. Қазіргі заманғы бокс ХVІІ ғасырда Англияда пайда болған. Оның алғашқы қағидаларының авторы Англия чемпионы Джек Бротон болғанымен, бүгінде спорт­шылар белгілі журналист Маркиз Куинс­берридің 1867 жылы енгізген ережесі бойынша жұдырықтасады.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста