Ресейде үлкен электронды кітап қоймасы жасақталып жатқан көрінеді. Бізде сондай қадамдар жасалынып жатыр ма?
Асқарбек НҰРСАҒАТҰЛЫ, Ақтөбе қаласы
Осы замандық ақпараттық технологиялар ақпараттық қорларды электронды формаға ауыстыруға және электронды кітапхананы, ақпараттық ресурстардың жаңа принципті түрін құруға мүмкіндік беріп отыр. Осыдан бірер жыл бұрын Ресей мемлекеттік кітапханасы Еуропадағы аса ірі электронды кітап сақтау қоймасын құру жобасын бастаған болатын. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Мұндағы мақсат – ұлттық құндылықтардың маңызды құраушысы ретіндегі ресейлік ресурстарды қолданудың тиімділігін көтеру, ғылыми, техникалық және әлеуметтік мақсатты көздеген осы замандық коммуникация құралдарының мүмкіндіктерін іске асыру, сондай-ақ кітапхананың кәсіби және ғылыми қызметін үйлестіру болып табылады. Қойманың көлемі 162 Тбайтқа тең, бұл – 3000000 кітапқа пара-пар көрсеткіш. Аталған алып жобаның жұмысын бірнеше компаниялар бірлесіп атқару үстінде. Бұл жаңа электронды қоймада Ресейдің басты кітапханаларында жиналған мерзімді басылымдар мен кейбір ресми құжаттар, сирек кітаптар мен қолжазбалар бір ортаға жинақталады. Сонымен қатар бұл кітап қоймасынан Президенттік кітапхана мен Электронды диссертациялар кітапханасындағы кітаптардың да электронды нұсқасын табуға болады. Ұлттық электронды кітапханаға іздестіру жүйесі мен тұтынушылар базасының бірегей интерфейсімен біріктірілген қоғамдық көпшілік электронды кітапханалардың локальды желісі енгізіледі.
Әзірше біздің елдегі кітапханалар бірыңғай ортақ электрондық жүйеге көше қойған жоқ.
Бізде электронды кітап қоймасы бар ма?
Последние статьи автора