Бізде электронды кітап қоймасы бар ма?

Бізде электронды кітап қоймасы бар ма?

Ресейде үлкен электронды кітап қоймасы жасақталып жатқан көрінеді. Бізде сондай қадамдар жасалынып жатыр ма?
Асқарбек НҰРСАҒАТҰЛЫ,
Ақтөбе қаласы

Осы замандық ақпараттық техно­ло­гия­лар ақпараттық қорларды электронды фор­маға ауыстыруға және электронды кі­тап­хананы, ақпараттық ресурстардың жаңа принципті түрін құруға мүмкіндік беріп отыр. Осыдан бірер жыл бұрын Ресей мем­ле­­кеттік кітапханасы Еуропа­да­ғы аса ірі элек­тронды кітап сақтау қой­ма­сын құру жо­басын бастаған болатын. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Мұндағы мақ­сат – ұлттық құн­дылықтардың маңызды құ­рау­шысы ре­тін­дегі ресейлік ресурстарды қол­данудың тиім­ділігін кө­те­ру, ғылыми, техникалық жә­не әлеу­мет­тік мақсатты көз­деген осы за­ман­дық ком­муникация құ­ралдарының мүм­кін­дік­терін іске асыру, сондай-ақ кі­тап­ха­на­ның кәсіби және ғы­лы­ми қызметін үй­лес­­тіру болып та­бы­ла­ды. Қойманың кө­лемі 162 Тбайтқа тең, бұл – 3000000 кі­тап­қа па­ра-пар көр­сет­кіш. Аталған алып жобаның жұ­мысын бір­неше ком­па­ниялар бірлесіп ат­қару үс­тін­де. Бұл жа­ңа электронды қой­мада Ре­сей­дің бас­ты кітапханаларында жи­налған мер­зімді басылымдар мен кей­бір ресми құжаттар, сирек кітаптар мен қол­жазбалар бір ортаға жинақталады. Со­ны­мен қатар бұл кітап қоймасынан Пре­зи­дент­тік кітапхана мен Электронды дис­сер­та­циялар кітап­ха­насындағы кітап­тар­дың да электронды нұс­қасын табуға бо­лады. Ұлт­тық элек­трон­ды кітапханаға із­дестіру жү­йесі мен тұ­тынушылар ба­за­сының бі­ре­гей ин­тер­фей­сімен бі­рік­ті­ріл­ген қоғамдық көп­ші­лік электронды кі­тап­ха­налардың ло­каль­ды желісі енгізіледі.
Әзірше біздің елдегі кітапханалар бір­­ың­ғай ортақ электрондық жүйеге кө­ше қой­­ған жоқ.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста