Біз шаншар — қыз айттырудың белгісі

Бір жолы автобуста келе жатып екі әженің «баяғыдағы «біз шаншар» салтын қайтадан дәстүрге енгізсек болар еді, қыздарымыздың оң жақта отырып қалуы көбейді» деген әңгімелерін құлағым шалып қалды. Әңгіме­леріне килігіп, сұраудың ретін таппадым. Сондықтан «оң жақта отыру» деген не, «біз шаншар» деген не екенін сіздерден сұрауды жөн көрдім.
Ақсымбат БАЯНОВА,
Қостанай қаласы
Қыздардың балиғат жасына толып, оңы-солын танып, өмірден өз теңін тапқан соң соған күйеуге шығуы — табиғаттың заңы. Бүгінде әлгі әжелеріміз айтқандай, тұрмыс құрмай, жалғыз басты болып жүре беретін бойжеткендердің көбейгені рас. «Оң жақта отыру» деген күйеуге шықпай, үйінде оты­рып қалған қыздарға қарата айтылатын сөз. Ал «біз шаншарға» келетін болсақ,  ертеде ауылдың ақсақалдары, бір топ ер-азамат­тары жиналып, қызы бар үйге қонаққа келе­ді. Өздерінің тұрмыстарына қатысты оны-мұны әңгіменің басын шалып, қонақасын жеп болған соң қандай шаруамен жүргенде­рін айтпай, қоштасып аттанып кетеді. Әдетте ауыл ақсақалдары қаралы хабар жеткізгенде ғана осылай топ болып суыт келеді. Ал әлгін­дей, ештеңе айтпай кету жамандықтың бел­гісі емес. Олар кеткен соң үй иелері қонақ­тардың отырған жерінен жерге қадалған бізді тауып алса, ол — «бізде ұл бар, сізде қыз бар, құда болайық» дегенді білдірге­ні.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста