Менің қызым қазір 5 жаста. Биге икемділігін байқап жүрмін. Балет өнеріне баланы қанша жасынан бастап беруге болады және қандай талаптары бар?
Жазира Нұрылдаева, Алматы қаласы
Баланы балет мектебіне беру үшін ең алдымен, оқу орнының жай-жағдайын, ерекешеліктерін білу қажет. Біріншіден, би мектебіне қабылданушының жалпы түр-сипаты мен сымбаты және ерекше профессионалдық қабілеттері таразыланады. Емтихан бес балдық жүйемен тексеріліп, әдейі арналған картаға тіркеледі. Профессионалды қабілет дегендерге: аяқтың ұшының икемділігі, аяқтардың өкшелерін біріктіріп, бастарын ашу қабілеті, балеттегі адымдау-қадымдау сәтіндегі көтерілу биіктігі, секірген кездегі биіктік мөлшері, дененің иілгіштігі жатады. Сондай-ақ би өнерін таңдаған бала үшін ең маңыздысы, оның денсаулығы мықты болуы шарт. Тағы бір ескерілетін жайт, оқу-үйрену барысында баланың дене құрылысында кейбір жетілмеген мүшелердің түзеліп кетуі мүмкін екен. Сондықтан баланы би мектебіне қабылдар кезде комиссия мүшелері оның анатомо-физиологиялық ерекшелігіне жіті назар аударып, медицина мамандарымен кеңеседі. Би өнері актерлік шеберлікті қажет ететіндіктен, баланың әртістік қабілеті де ескеріледі. Әр баланың өсу, жетілу қабілеті әртүрлі болғандықтан, би мектебіне жеткіншектер 3 жас пен 7 жас аралығында қабылданады.