Бір қызметкер күніне қанша сағат жұмыс істеуі керек?
Бюджеттік немесе мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыстың апталық нормасы 36 сағат болғанда, бір қызметкер күніне қанша сағат жұмыс істеуі керек?
Аслан Серғалиев, Астана қаласы
ҚР Еңбек кодексіне сәйкес, бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда 7 сағат 12 минуттан және апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауы тиiс. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауы керек. Өнер және мәдениет, мәдени демалыс, сондай-ақ кәсiптiк ұйымдардың шығармашылық қызметкерлерi, бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерi, спортшылар, жаттықтырушылар үшiн ҚР еңбек заңнамасына, жұмыс берушiнiң актiлерiне, ұжымдық шартқа немесе еңбек шартына сәйкес, күнделiктi жұмыстың өзгеше ұзақтығы белгiленуi мүмкiн.