Бір сарапшылар әлемдік саясатты бір полюсті дейді, біреулер қос полюсті, енді бірі көп полюсті дейді. Менің сұрайын дегенім, әлем бір полюсті ме, көп полюсті ме?
Марат ЖОЛЫМБЕТ, Семей
Кезінде КСРО мен АҚШ тайталасы кезінде әлемнің капиталистік және лагерьге бөлініп, қос полюсті болғаны рас. КСРО ыдыраған соң, әлемдік ахуалды сарапшылар бір полюсті десе, кейбірі көп полюсті деп атады. Адамзат тарихында, негізінен, бірнеше державалардың үстемдік етуінен көп полюсті әлем қалыптасты деуге болады. Қазіргі әлем, АҚШ-тың соншалықты гегемондығына қарамастан, көп полюсті сипатын сақтап отыр. Түсінікті болу үшін адамзат тарихындағы әр кезеңде дәуірлеген державаларды кестемен беруді жөн көрдік.