Қытай бала тууды шектеу саясатынан бас тартпақшы дейді. Тұрғыны көп елге мұндай шешім қабылдауға не себеп болды екен?
Иса Еркінов, Тараз қаласы
Иә, мұндай хабардың шыққаны рас. Аспан асты елі әлемге әйгілі «Бір отбасы – бір бала» деген саясатынан бас тартуға ұйғарыпты. Бірақ бұл бірден емес, бірте-бірте жүзеге асырылады. Дегенмен бұл жөнінде әлі ресми түрде жарияланған жоқ.
Еске түсірсек, «Бір отбасы – бір бала» қағидасы Қытайда 1979 жылы енгізілген-тұғын. Бұл саясат демографиялық өсімді тоқтатуды көздеді. Бұл саясат өз жемісін бергені рас. Алайда оның көлеңкелі тұсы да бар болып шықты. Қазір қытайда әйелден гөрі ерлер көп. Соңғы мәліметтерге қарағанда, бойжеткендерге қарағанда бозбала саны 32 миллионға көп. Сөйтіп, отбасында екінші баланы шектеуді алып тастау 2011 жылы тәжірибе ретінде Бейжің, Шаңқай және өзге де төрт аймақта енгізіледі. Бүкіл ел бойынша шектеу 2013 – 2014 жылдары тоқтатылады.
«Бір отбасы – бір бала» саясатынан бас тартады
Последние статьи автора