Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

Бір көргеннен ғашық болу мүмкін бе?

Өмірінде бір рет те болса жақсы көру, махаббат дегенді басынан кешірмеген адам жоқ шығар?!. Айтыңыздаршы, осы «бір көргеннен ғашық болудың» ғылыми-психологиялық дәлелі бар ма?
Аида Бекенқызы,
Қызылорда қаласы
Махаббат жайлы сонау адамзат са­налы ғұмыр кеше бастағаннан бүгінге дей­ін миллиондаған сөздер мен том-том кітаптар жазылған. Солай бола тұра, ересек өмірдің есігін жаңадан ашқан жас ұрпақ үшін ол жеті құлыптың ар жағындағы құпия күйінде қалып отыр. Физиологтардан бас­тап, психологтар, социологтар, әде­биет­шілер мен сурет­шілер дейсіз бе, махаб­батты зерттемеген сала жоқ. Осы­лар­дың ішінде ең ежелгі әдебиеттерге үңіл­сек, үнді даналығында мынадай сөз бар екен:
Адам құмарының үш негізі бар: жан, сана, дене.
Жан ынтығынан – достық;
Сана ынтығынан – сыйластық;
Дене ынтығынан – тілек туады.
Осы үш ынтықтықтың бірлігінен махаббат туады.

Ал енді ғылыми тұрғыдан келер болсақ, онда Австрияның атақты психиатры Зигмунд Фрейд махаббатты түйсік деп тауып, бүкіл адам өмірінің махаббат пен өлім деп аталатын екі түйсіктен тұратын­дығын айтса керек. Ал философ Эрих Фромм болса, өз еңбектерінде махаббатқа өнер деп қарап, оның адам бойынан бір ұлылықты, құрбандықты талап ететіндігін тілге тиек етеді.
Махаббат жайлы ең соңғы жа­зыл­ған «Махаббат формуласы» атты ғы­лыми еңбектің авторы, тұлғааралық қа­тынастарды зерттеуші ғалым Е.И.Сушко мынадай нақты формула келтіреді:
Махаббат = қызығушылық + қажетті қанағаттандыру.
Ал бір көргеннен ғашық болу дегенді ғалым «Бір қарағаннан-ақ ол адамның бойынан көзге көрінбейтін, бірақ өзіне орасан күшпен тартып тұратын бір белгі­сіз нәрсені аңғару», – деп түсіндіреді. – «Махаббаттың көзі соқыр» дейді, бірақ ол өзіне керекті өзгелерден жүз есе ар­тық көріп, тіпті миллиондардың ішінен адаспай тауып алатын қасиетке ие».

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста