«Бір ел – бір кітап» –АҚШ-тан келген

Біздің елде «Бір ел – бір кітап» акциясы өткізіліп тұрады. Бұл идея ең алғаш рет қай жерде жүзеге асырылған?
Маржан ҚОШБАЕВА,
Алматы

«Бір ел – бір кітап» акциясының идеясы АҚШ-тың «Бір кітап – бір Чикаго» және «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса...» атты көпшілікке танымал кітапханалық жобаларының негізінде дүниеге келген. Бір кітапқа арналған жал­пы қалалық оқу мерекесінің идея­сын АҚШ-тың солтүстік-баты­сын­дағы ірі қала Вашингтон штатында Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы ұсынған. 1998 жы­лы «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітап­ты оқып шықса...» ұранымен бі­рінші рет өткізілген акцияның мақ­саты – Сиэтл халқының бірлігін ны­ғайту және оқуды насихаттау. Ак­ция Чикаго, Буффало, Рочестер қа­лаларында да өтті. «Бір ел – бір Чи­каго» бағдарламасы чикаголық муниципалитеттің белсенді қол­да­уымен чикаголық көпшілік кітап­­хананың бастамасымен ұйым­­дас­тырылған. Бұл үрдіс біз­дің елде де жалғасып келеді. 2008 жы­лы қазақ халқының заңғар жа­зушысы Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» шығармасы жыл кітабы ретінде жарияланса, 2009 жылы ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың «Жан сөзі» шығармасы таңдалды. Ал биылғы жылдың наурызынан басталған дәстүрлі «Бір ел – бір кі­тап» акциясында сарапшылар­дың тұжырымынан кейін бүкілха­лықтық оқуға Жұбан Молдаға­лиев­­тың «Мен – қазақпын» поэ­­­ма­сы таңдалып алынды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста