Түзету мектептері мен арнайы білім беретін орта кәсіптік оқу орындарында оқу бөлмелерінің ауданы қанша болуы керек? Заң бойынша бір балаға қанша шаршы метрден келеді?
Серғали Асқаров, Жамбыл облысы
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» қағидаларына сәйкес, арнайы түзету-білім беру ұйымдарында ақыл-есі дамымаған және психикалық дамуы кешеуілдеген балалар үшін (әр балаға) – 2,2 шаршы метр, полиомиелит салдарынан зардап шеккен және енжар паралич ауруымен ауыратын балалар үшін – 3,5 шаршы метр, қалған балалар үшін 3,0 шаршы метр орын болуы тиіс. Жалпы білім беру ұйымдарының оқу сыныптарының ауданы бір оқушыға 2,5 шаршы метрден келетін, шеберханаларда 3,75 шаршы метрден келетін болады.
Кәсіптік-техникалық орта арнаулы оқу орындарында:
– 12-15 орын үшін бір оқушыға – 2,5 ;
– 25 орын үшін бір оқушыға – 2,2 ;
– 30 орын үшін бір оқушыға – 1,8 шаршы метр.
Бастауыш және орта кәсіптік білім беретін ұйымдарда оқу бөлмесінің ауданы 50-150 орын үшін бір оқушыға 1,2 шаршы метрден болады. Жоғары оқу орындары мен оқу комбинаттарында 50-75 орын үшін бір оқушыға – 1,5, 75-100 орын үшін бір оқушыға – 1,3, 100-150 орын үшін бір оқушыға – 1,2, 150-350 орын үшін бір оқушыға – 1,1, 350 және одан көп орын үшін бір оқушыға 1 шаршы метр аудан қарастырылады. Дәрісханалар, оқу кабинеттері мен зертханалар жерүсті қабаттарда орналасуы тиіс.
Бір баланың орны қанша шаршы метр болуы керек?
Последние статьи автора