Білім туралы бес журнал

Жақында бір редакциядан білім саласына қатысты бес журнал жарық көретіндігі туралы естіген болатынмын. Осы басылымдарға жазылып, оқу-әдістемелік материалдарымды жарияласам деп едім. Редакцияның электронды поштасын білуге бола ма?
Нағима, ұстаз
Өткен жылдан бері еліміздің ақпарат кеңістігінде білім саласын қамтитын бес бірдей республикалық педаго­гикалық ғылыми-әдістемелік журнал жарық көріп келеді. Ұстаздар мен оқушылар қажетті мақалаларын, ашық сабақтарын, түрлі әдістемелік жұмыс­тарын және өзге де жаңалықтарын аталған басылымдарға жариялап, тұрақты автор болуларына болады. Бес басылымның біріне бір жылға жазылған түбіртекпен жіберілген материал тегін жарияланады. Әр журналдың бір жылға жазылу бағасы 2700 теңге. Журналдарға «Қазпошта», «Еуразия-пресс» бөлімшелері арқылы жазылуға болады.
«Мектепке дейінгі тәрбие» (инд.: 74341) журналында балабақша және мектептегі даярлық топтарындағы тәрбиешілер мен ұстаздардың әдіс­темелік жұмыстары жарық көреді.
«Бастауыш сынып әдістемесі» (инд.: 74342) журналында бастауыш сыныптардағы барлық пәндер және тәрбие жұмыстары қамтылады.
«Қазіргі мектеп» (инд.: 74339) журналында 5-11-сыныптардағы барлық пәндер бойынша әдістемелік мақалаларды және бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелері туралы жариялаймыз.
«Мектептегі өнер» (инд.: 74340) журналында бейнелеу өнері, музыка, технология пәндері, мектептегі үйірме жұмыстары қамтылады. Ұлттық, әлемдік өнер жөніндегі материал­дардың танымдық аясы кең. Ұстаздар үшін пәнаралық байланысқа тап­тырмайтын көмекші құрал. Сонымен бірге мектептегі дарынды оқушылардың өлең-әңгімелері жарияланады.
«Педагогика және оқушы психологиясы» (инд,: 74343) жур­налы мектеп басшыларына, сынып жетекшілеріне, психологтерге арнал­ған. Педагогика мен психологиядағы өзекті мәселелер қамтылады. Сондай-ақ ұстаздардың өлең-әңгімелері де жарияланып тұрады. Аталған бес басылымға жазылу жыл бойы жалғаса береді. Материалдар мен журналға жазылу түбіртегінің көшірмесін ip_dulat@inbox.ru электронды поштасына жібере аласыздар.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста