Бенефис деген не?

Театр маңынан өтіп бара жатсаң, кейде «бәлен деген әртістің бенефисі болады» деген афишаны көзіміз шалып қалады. Осы бенефис деген не? Айгүл АХМЕТОВА, Қарағанды

Француз тілінен аударғанда «пайда, кіріс» дегенді білдіретін бұл терминнің театр әлемінде алар орны ерекше. Бенефис – бұл белгілі бір өнер адамының, көбіне әртістің мерейтойы қарсаңында оның шығармашылық шеберлігінің алдында бас ию ретінде қойылатын арнайы спектакль. Оның «бенефис» деген терминге қатысы сол – қойылымнан түскен табыс толығымен сол адамға сыйақы ретінде ұсынылады.

Әлемде тұңғыш рет бенефис 1735 жылы Францияда бастау алған. Ал Ресейге бұл үрдіс 1783 жылы еніп, 1809 жылға дейін бенефис тек әртістердің ғана емес, драматург, сазгерлердің құрметіне де қойылып келген.Сол тұста орыс театрында түгелімен патша әмірлігі жүрсе де, бенефис берушіге көрсетілген құрмет сондай – ол өзінің бенефисінде қандай қойылым қою керектігін таңдау құқығына ие болған. Соның арқасында өнер адамы табысты көп әкелетін қойылым қойып, қалтасына қомақты қаржы түсіре алған. Ал бертін келе кеңестік кезеңде бенефистің бастапқы салты өзгеріп, одан түскен қаржы қазынаға құйылып, әртіске тек белгілі бір бөлігі ғана сыйақы ретінде ұсынылды. Бүгінде, бір жақсысы, бастапқы бенефис қайта жаңғыртылуда.

Қазір бенефис термині өзінің негізгі мағынасынан бөлек те сәтті шыққан актерлік ойынмен қатар, спорт командасына және тіпті кез келген ұтымды әрі нәтижелі іске де қатысты қолданыла беретін болды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста