Белбеулі күрес татар күресі емес

Астана қаласында «белбеулі күрестен жастар арасында Қазақ­стан чемпионаты өтті» деп естіп едім. Алайда татар күресінен өткен осы біріншіліктің қорытындысын еш жерден көре аламадым. Мүм­кіндік болса, сіздердің газеттеріңіз арқылы толық ақпарат алуға бола ма?
Ринат Гарифуллин


Жалпы, бұл белбеулі күресті татар кү­­ре­сімен шатастыруға болмайды. Екеуі екі бөлек күрес. Белбеулі күрес Халық­ара­лық күрес қауым­дас­ты­ғы­ның құра­мы­на енген. Әрі әлемнің 56 мем­ле­кетінде өкілдіктері бар. Қар­қын­­ды түрде дамып келе жатқан Олим­пиадалық емес спорт түрінің бірі. Жыл сайын әлем чем­пионаты мен құрлық біріншіліктері өтіп тұ­ра­ды.
Осындай халықаралық бірін­ші­лік­тердің қарсаңында ұлттық құрама жа­сақ­тау үшін Қазақстан Респуб­ли­касының чемпионаты өткен болатын. Төл бірін­ші­лігімізге еліміздің тоғыз ай­мағынан 109 балуан қатысты. Ас­та­­на қалалық туризм және спорт бас­қар­масының бас­па­сөз хатшысы Жа­нар Өтешованың бер­ген мәліметі бойын­ша, командалық есепте бірінші орынды елорда балуан­да­ры жеңіп алыпты. Олардың енші­сін­де төрт алтын, үш күміс және екі қола ме­даль бар. Екінші-үшінші орын­дарды Павлодар және Ақмола облыс­тары­ның командалары өзара бөлісті. Өз сал­мақ­тарында Р.Демесінов (55 келі), Н.Ыстыбаев (60 келі), Б.Ома­ров (66 келі), Т.Сейілов (73 келі), С.Талай­бек (81 келі), А.Мұстафин (90 келі), Э.Осконов (100 келі) және Н.Алтын­беков (+100 келі) сын­ды ба­луан­дар топ жарды.
Биыл белбеулі күрестен әлем чем­­пио­наты қараша айының ба­сын­да Испа­нияның Барселона қа­ла­­сында өтеді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста