Біздің галактикамызға әлемнің өзге бір түкпірінен әлдебір ғаламшардың ұшып келгендігі жөнінде жаңалықтардан естіп қалдым. Бұл құбылысты ғалымдар қалай түсіндіруде?
Нұрқасым БОЛЫСБЕКҰЛЫ
Сенімді дерек көздеріне жүгінсек, неміс астрофизиктері біздің галактикамыздан тысқары жерде пайда болған және өз Күнін айнала қозғалатын экзопланетаны тапқан. Бүгінде олардың 450-ден астамы анықталып отыр. Табылып отырған жұп, яғни өз ғаламшары бар жұлдыз – біздің Галактикамызға жұтылу барысында қираған галактикалардың бірінің қалдығы болуы мүмкін.
Бөгде ғаламшар көлемінің ауқымдылығымен белгілі Юпитерден де асып түседі және 16 тәулікте бір айналым жасау арқылы өз Күнінің маңайында орасан зор жылдамдықпен айналады. Бұл онда энергияның бүкіл Күн жүйесі энергиясынан асып түсетін мол қоры шоғырланғандығын көрсетеді. Сондықтан күндердің күнінде адамзат баласы оны пайдалану мүмкіндігін қарастыра бастауы да ықтимал.
Бейтаныс ғаламшар туралы не білеміз?
Последние статьи автора