Бейсбол ойынындағы допты ұратын таяқтың ұзындығы қанша болады? Және ол темірден емес, тек ағаштан жасала ма?
Марат Ақбергенов, Қарағанды облысы
Бейсбол таяғының ұзындығы – 42 дюйм (106,7 см). Білік секілді жұп-жұмыр таяқтың бір жағы жіңішке, екінші жағы жуандау болады. Диаметрі – 2,75 дюйм (7 см).
Ойыншы бита таяғының жіңішке жағынан ұстап, допты жуандау жағымен қағып жіберуі керек. Ұшып келе жатқан допты дәл ұру үшін ойыншы бита таяқшасын қос қолымен сығымдап ұстайды.
Кәсіпқой бейсбол ойынында ағаштан жасалған бита ғана қолданылады. Бейсбол таяғы кедір-бұдырсыз, теп-тегіс және ешқандай қыры жоқ жұп-жұмыр болады. Негізінен, ақ үйеңкіден (шетеннен) жасалады. Сондай-ақ үйеңкіден де, қайыңнан да, шамшаттан да, гикориден де (үнді жаңғағы ағашынан да) жасалады.
Әуесқой бейсболда металдан жасалған бита да қолданылады. Мұндай биталар, негізінен, алюминийден жасалынады. Өйткені металдан жасалған бейсбол таяқшасымен ұрған доп алысқа ұшады. Сондықтан спортшылар әу баста қарсы ұшқан допты осындай таяқпен қағып жіберіп, тәжірибе жинақтайды.
Бейсбол таяғының ұзындығы қанша?
Последние статьи автора