Бауыржан Исламхан – «Жылдың жаңа есімі!»

«Кеше Бауыржан Исламхан еліміздің ең үздік жас футболшысы атанды» деп естідім. Бұл ресми түрде ме, әлде қайсыбір басылымдардың үздік деп таныған тұжырымдары ма?
Қанат МАУШАЕВ,
Қарағанды облысы
Бауыржан Исламхан елі­міз­дің ең үздік жас футболшысы емес, «Жылдың жаңа есімі» но­ми­нациясы бойынша биылғы Қа­зақстан чемпионатының үздік фут­болшысы болып танылды. Рес­ми түрде, әрине.
Қазақстан футбол фе­де­ра­циясы ел чемпионатының пре­мьер-лигасындағы клуб­тар­дың бә­рінің бас бапкерлері ара­сында са­уалнама жүргізіп, со­ның қо­ры­тындысын енді шы­ғара бас­тады.
Әуелі биылғы маусымдағы «Ең үздік бас бапкер» но­ми­на­ция­­сының жеңімпазы жа­рия­лан­ды (Виктор Кумыков, «Шах­тер» клубы).
Ал кеше Бауыржан Ис­лам­ханның «Жылдың жаңа есімі» бәй­гесі бойынша теңдессіз та­ны­л­ғандығы мәлімденді.
Бауыржан Исламхан 1993 жы­лы 23 ақпанда туған. Бойы – 174 см, салмағы – 63 келі. «Та­раз» клубының жартылай қор­ғаушысы. Қазақстан ұлттық құ­рамасының сапында әзірше бес ойын өткізген. Ал Қазақстан чем­пионатының премьер-ли­га­сында 50 ойын өткізіп, алты гол соқ­қан.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста