Батпақ дегенде көз алдымызға балшықты, бақалы жер елестейтіні анық. Ал ертегілерде батпақ жындардың мекені болып есептеледі. Шынымен де, солай ма? Жалпы, батпақты жерлердің бәрін кептіріп тастаса қайтеді?
Рымбек МҰХИТ, Қапшағай
Деректерге жүгінсек, біздің ғаламшарымыздағы алғашқы батпақ шамамен 400 млн жыл бұрын пайда болған. Қазіргі көріп жүрген батпақтарымыз мүлде жас, оларға небәрі 12 мың жыл болған. Олар бүкіл жер бетінде таралған. Бүкіл батпақтың 73%-ы Ресейдің үлесіне тиесілі.
Көп жағдайда батпақ жауын-шашын мен жерасты сулар ағып барып тоқтайтын еңіс жерлерде түзіледі. Жауын-шашын көп жауатын елдерде ауа ылғал болады да, булану баяу жүреді, мұндай жағдайда сазды батпақ ерекше көп болады. Батпақты біржола кептіріп тастауға болмайды. Өйткені ол баға жетпес байлық – шымтезектің (торф) бірден-бір және негізгі қайнар көзі болып табылады. Электр стансылары шымтезекпен жұмыс істейді, одан тыңайтқыш, дәрі және басқалары жасалады. Шымтезекте тұщы су бүкіл әлемдегіге қарағанда бес есе көп сақталады. Мұның сыртында олар өзеннің қалыптасуында да маңызды рөл атқарады. Мәселен, Мәскеу өзені өзінің бастауын Старьков батпақтарынан алады. Құстардың жүздеген түрі мен мамық жүнді аңдар, таңғажайып өсімдіктер мен жемістер батпақта мол кездеседі.
Батпақ не үшін керек?
Последние статьи автора