Баспахана өндірісі қашан пайда болды?

Баспахана өндірісі қашан пайда болды?

Кітапты көп данамен басатын баспахана станоктары қашан пайда болды екен және оны ойлап тапқан адам кім?Жасұлан Нұртасұлы, Алматы қаласы

Адамзат тарихына көз жүгiртер болсақ, кiтап шығару iсi өте ерте замандарда пайда болса керек. Оған дәлел – Қытайда шамамен 868 жылы басылып шыққан кiтаптың табылуы. Қытайда кітап басу ісінде ксилография сияқты бiр тәсілмен жұмыс iстейтiн мөрлеу мен мөрлеу шеңберi пайдаланылып келген болатын. Ксило- графия бiр кiтаптан көптеген көшiрме жасауға мүмкiндiк бередi. Дегенмен бұл тәсілдің кемшiлiгi, әрбiр жаңа кiтапты басу үшiн ағаштан қайта жаңа қалып жасап шығу қажет едi. Баспахана жұмысының теру қалыбы, басу станогы, баспахана бояуы, қағаз сияқты негізгі төрт құрамдас бөлігі бар. Қағазды ерте заманда-ақ Қытайда Цай Лунь ойлап тапқан болатын. Ал қағаздан басқа үш элементтi дамыту үшiн көптеген ғасырлар бойы мыңдаған жұмыс атқарылса да, олардың кәсіби деңгейде өндiрiстiк процесте қолданылуын Иоганн Гутенберг жүзеге асырды. Гутенберг теруге лайықты металл құймасын ойлап тапты. Ол құйманы (матрицаны), баспахана бояуын, станокты өндiрiстiк деңгейге көтерiп, олардың бiр-бiрiмен қалыпты жұмысын қалыптастырды. Гутенберг бүтіндей бiр өндiрiстiк процестi дүниеге келтiрдi. Оның еңбегiнiң арқасында тұңғыш рет теру қалыбы мен басу станоктары жасақталып, солардың көмегiмен кітапты тез әрі сапалы түрде көп данамен басып шығару мүмкiн болды.

Иоганн Гутенберг 1400 жылы Германиядағы Майнцта туып, 1468 жылы сол елде дүниеден өтті. Ол баспахана саласындағы ұлы жаңалығын сол ғасырдың ортасына қарай жасаған еді, ал оның өте құнды еңбегi «Гутенберг iнжiлi» 1454 жылы жарық көрді.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста