Барлық телефондар сандық жүйеге көшіріледі
Әуезов ауданы, Ақсай ықшамауданында тұрамын. Қазіргі уақытта қаланың бірқатар аудандарында телефон нөмірлері сандық жүйеге көшіріліп жатыр. Біздің ықшамауданда телефон нөмірлері «224»-тен басталады. Осы санмен басталатын телефондар қашан сандық жүйеге көшіріледі?
Сәкен Сейдіманов, Алматы қаласы
«Қазақтелеком» АҚ мамандарының мәліметі бойыншы, қазіргі уақытта қала бойынша бірнеше телефон стансысының нөмірлері сандық жүйеге көшіріліп жатқан көрінеді. Ал бірақ «224» нөмірлі телефон стансысы бүгінгі күнгі жоспарда жоқ. Дегенмен алдағы уақытта барлық телефон стансылары сандық жүйеге көшіріледі екен. «Қазақтелеком» АҚ мамандарының айтуына қарағанда, телефон нөмірлері сандық жүйеге көшірілетін болса, алдын ала ескерту қағазы жіберіледі.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу