Жазушы Бақытжан Момышұлының шығармашылығымен кеңірек танысқым келеді. Қаламгер шығармаларын қай тілде жазған?
Әйгерім МОЛДАХМЕТ, Талдықорған қаласы
Бақытжан Момышұлы шығармашылық жолын аудармашылықтан бастаған. Ол Ш.Мұртазаның «Табылған теңіз», «Бұлтсыз күнгі найзағай» повестерін, және Ж.Молдағалиевтің, Д.Досжанның, О.Бөкейдің, Қ.Найманбаевтың, Б.Бодаубаевтың, Б.Тоғысбаевтың, Ш.Шаваевтың, М.Айымбетовтің, К.Тоқаевтың т.б. жазушылардың бірқатар шығармаларын орыс тіліне аударды. Осы еңбектері арқылы қазақ әдебиетінің кең қанат жаюы жолында өзінің қаламгерлік-перзенттік парызын абыройлы атқарған.
Өзінің де бірнеше әңгіме, повесть, романдар жинақтары жарық көрген. Шығармаларын орыс тілінде жазған. Оның шығармалары әдеби орта мен оқырмандар тарапынан жоғары бағаланған. «Добрые мосты», «Прозрачные льдины», «Тихие голоса», «Я еще ребенок», «Когда ты рядом», «Мен әлі сәбимін», «Восхождение к отцу», «ДетиВеликаны», «Жанымның жарық жұлдызы», «Во имя отца», «Турксиб земля полководца», «Во имя отца. 2 книга», «В поиске света», «Путь Огненного Орла», «Сердце Волка», «Орда алая и Мечеть белая», «Преломление Света» т.б. кітаптары жарық көрген.
Бақытжан Момышұлы кітаптарын қай тілде жазған?
Последние статьи автора