Өтпелі кезең жасында балалар көбіне ішкі сырларын ата-аналарынан жасырады. Оларға заңгердің не психологтың көмегі қажет болып қалуы мүмкін. Бірақ олар мамандарға барып, басындағы күрделі жағдайды айтуға тағы қысылады. Осы балалар мен жасөспірімдерге арналған сенім телефондары бар ма? Қарағанды облысының тұрғындары үшін байланысу нөмірі қандай?
Балдырған СЕЙІЛХАНОВА, Қарағанды облысы
Елімізде балалар мен жастарға арналған Ұлттық сенім телефоны қызмет ететінін еске саламыз. Оның нөмірі – 154. Егер балалар немесе жастар қиын жағдайға душар болса, психологиялық немесе құқықтық көмекке зәру болса, біреуден әлімжеттік, зорлық-зомбылық көрсе, өмірден түңілуге мәжбүр болса, басқа да күйзелістерге ұшыраса, осы телефонға хабарласуы қажет. Бұл – еліміз бойынша бірыңғай кеңес беру, көмектесу желісі. Орталық адамның құпиясын жария етпеуге кепілдік береді. Күйзеліске ұшыраған балалар бұл нөмірге хабарласа алмаса, Ұлттық сенім телефонының bala-ana@rambler.ru поштасына хат жазып, көмек сұрауына да болады.
Балаларға арналған сенім телефоны бар ма?
Последние статьи автора