Балаға қай спорт секциясы пайдалы?

Қайбір ата-анаға болмасын баласының денсаулығы жақсы болғаны маңызды. Сондықтан бұған баланың жас кезінен бастап мән беру керек. Үнемі дене жаттығуларын жасатып, спорт секциясына қатысуына жағдай жасаған жөн. Ал ол үшін балаға қай жаста қандай спорт түрі ұнамды, жайлы, пайдалы болатынын білген дұрыс. Осы орайда мынадай жайлар есіңізде болсын:

– Асықпаңыз. Баланың қаңқа-бұлшық ет жүйесі 3 жасқа қарай қалыптасатынын ұмытпаңыз. Жасына сай емес физикалық салмақ омыртқа қисаюына себеп болатыны қаперіңізде жүрсін. Сондай-ақ баланың физиологиялық ерекшелігіне де мән беріңіз. Жастау кезінде иілу, бүгілу, созылуға, үлкейе келе төзімділікке қалыптасқаны дұрыс.

– Баланы спорт секциясына берместен бұрын оның мүмкіндіктерін саралап алыңыз. Оған лайық секция таңдауыңыз қажет. Егер балада ылғи да алға ұмтылып тұратын басшылық қасиет болса, оны күрес, жеңіл атлетика, теннис, жүзу, велосипед спорты сияқты жалпыкомандалық емес спорт секциясына берген дұрыс. Ал егер де ол өзін ұжымда жақсы сезінетін болса, оны футбол, хоккей, волейбол, баскетбол сияқты секцияның командалық түріне беруге болады.

– Балаға спортпен сіз емес, оның өзі айналысатынын ұғындырыңыз, ол өзі  жаны қалаған секцияны қалағаны дұрыс. Мысалы, балаңыздың ерекшеліктеріне орай оның футболшы болуын қаласаңыз, бірақ ол жан-тәнімен теннисті қаласа, таңдауына тосқауыл болмаңыз. Сондықтан спорт секциясына бермес бұрын баланың өзімен әңгімелесіп, сырласып алған жақсы. Мүмкін ол музыкант болғысы келетін шығар, мұнымен де санаспауға  болмайды.

…Егер де баланың дамуында қандай да кемшіліктер болса, онда спорт секциясын ауру түріне қарай да таңдауға болады.

Мысалы, жүзу спорты, мәнерлеп сырғанау, волейбол мен көркем гимнастика тірек-қимыл мүшелерінің жұмысын жақсартады, сымбатты реттейді.

Ал егер да бала жиі ауыратын, иммунитеті төмен болса, оны жүзу, тау шаңғысы, ескек есу, желкенді спорт пен хоккей секцияларының біріне жаздырыңыз.

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің жұмысын жақсарту үшін футбол, волейбол, баскетбол, хоккей секциялары пайдалы.

Вестибулярлық жүйе әлсіз болса, баланы мәнерлеп сырғанау, шығыс жекпе-жегі, көркем гимнастика, велосипед спорт секцияларына берген жақсы.

Жүйке жүйесіне атпен серуендеу, йога, жүзу, тау шаңғысы жайлы әсер етеді. Әсіресе атпен серуендеудің әлжуаз, науқас балаларға пайдасы көп. Оның ешқандай да жанама теріс әсері жоқ. Спорттың бұл түрі жүйке жүйесінің жұмысын қалыпқа келтіреді, ас қорытуды реттейді, бұлшық ет, буындардың құрысуын жазады, қан құрамындағы қант мөлшерін қалыпқа келтіреді, сымбат қалыптасуына, қорқынышты жеңуге әсер етеді.

Бір есте ұстар нәрсе, секцияға барған соң көп ұзамай баланың оған деген қызығушылығы төмендеп, жойылса, оны босқа қинамаған жөн. Алдымен әңгімелесіп, себебін анықтаңыз, ұрсып, жекіп, кемсітіп, психикасына зиян тигізіп алмаңыз. Жатығуды одан әрі жалғастыра ма, жоқ әлде оны үзе ме, таңдауды баланың өзіне қалдырыңыз. (Әрине, мұның себебі тек жалқаулықта, ерік күшінің жоқтығында болмаса).

Міне, баланы спорт секциясына баулудың осындай жолдарын есте сақтағаныңыз дұрыс.

Жарас ҚАСЫМ.

zamana.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста