Балабақшаларда кейде қыста суық, жазда ыстық болып жатады. Бүлдіршіндерді тәрбиелейтін мекемелерде ғимарат ішінің температурасы қандай болуы керек? Оны қадағалайтын орындар бар ма?
Әсемгүл Жарықбаева, Қызылорда облысы
ҚР Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие мен білім беру нысандарына арналған санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» атты ереженің 164-бабына сәйкес, балабақшаның жатын және оқу бөлмелерінде, зертханалар мен кітапханаларда, мәдени-сауықтық және демалыс бөлмелерінде, компьютер кластары мен қызметтік-тұрмыстық бөлмелерде, кір жуу орындарында температураның +18 – +22°C, тамақтану, үтіктеу, кір жаю орындарында +16°C, физиотерапиялық және массаж кабинеттерінде +28°C, киініп-шешіну, емдеу, топтық ұйықтау және топтық дәрет бөлмелерінде +20 – +22°C болуы – қалыпты мөлшер, ең қолайлы ылғалдық – 40-60%.
Балабақша температурасы қандай болуы керек?
Последние статьи автора