Мен балабақшада медбике болып жұмыс істеймін. Менің еңбек демалысым қанша күн болуы керек?
Айғаным Дүйсенбаева, Жамбыл облысы
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мамандарының мәліметінше, медбикелерге берілетін жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы олардың жұмыс атқаратын мекемелерінің меншік нысанына байланысты болып келеді. Егер балабақшаңыз мемлекеттік мекеме болса, сізге азаматтық қызметші ретінде лауазымдық жалақыңыз мөлшерінде сауықтыруға арналған жәрдемақы төлене отырып, ұзақтығы күнтізбелік 30 күннен кем болмайтын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы берілуі тиіс. Жекеменшік, коммерциялық мекемелердегі қызметкерлерге берілетін еңбек демалысының ұзақтығы ҚР Еңбек кодексінің 101-бабына сәйкес, 24 күннен кем болмауы тиіс.
Балабақша медбикесінің еңбек демалысы қанша күн?
Последние статьи автора