Егер Сіз бала асырап алуға тілек білдіруші Қазақстан Республикасының азаматы болсаңыз, жолдама алу үшін өтінішпен бірге тиісті құжаттарды онлайн ұсынуыңыз қажет. Бұл қызмет тек электронды үкімет порталында көрсетіледі. Ол үшін:
Порталда авторизациядан өтіп "Онлайн сұрау" батырмасын басыңыз.
Өтінімді толтырып, ЭЦҚ-мен қол қойған соң өтінімге құжаттарды бекітесіз.
Құжаттар тізімі:
•жақын туыстарының бала асырап алуға арналған жазбаша келісімі;
•жиынтық табыс мөлшері туралы анықтама (жұмыс орнынан жалақысы туралы, кәсіптік қызметтегі табысы және бірге тұратын барлық отбасы мүшелерінің өзге де табыстары туралы анықтама);
•отбасы жағдайы туралы анықтама (некеге тұру/бұзу туралы куәліктің көшірмесі, балалары болса, туу туралы куәліктерінің көшірмесі);
•азаматтардың денсаулық жағдайы туралы анықтама және наркологиялық және психиатриялық диспансерлерде тіркеуде тұрмауы туралы анықтама;
•тұрғын үй пайдалану құқығын дәлелдейтін құжаттардың көшірмесі (тұрғын үй мүлікке құқығы жоқ жағдайда);
Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөліміне 10 жұмыс күні ішінде үміткер болу мүмкін/мүмкін емес деп қорытынды хабарлама келеді.