Бала асырап алу қателік пе?

Жастайымнан тұрмысқа шықсам да, шарана сүю бақыты бұйырмай жүр. Осы ретте бала асырап алсам ба деген үмітім бар. Ал бұған шариғат қалай қарайды? Бұл ислам дініне қайшы емес пе?
Жансұлу,
Оңтүстік Қазақстан облысы
Серікжан ЕНШІБАЙҰЛЫ, ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімінің қызметкері:

–    Сұрақ бала асырап алуға тікелей байланысты болғандықтан, дініміздің бұған қатысты ұстанымына келетін болсақ, Исламға дейін бала асырап алу кең таралған еді. Тіпті Алланың Елшісіне (с.ғ.с.) пайғамбарлық келместен бұрын осы әдет бойынша ол Зәйд бин Харисаны асырап алып, оны халық алдында өз балам деп жариялады. Сөйтіп, ол халық арасында Зәйд Мұхаммедұлы деп аталып кетті. Ол кезде де қазіргідей асырап алынған бала асырап алушының туған ұлы немесе қызы саналып, мұрагер болды.
Бірақ ислам діні келгеннен кейін бала асырап алу дәстүрін жоққа шығарып, әр баланы өзінің туған әкесінің атымен атау қағидасын басшылыққа алды. Осыған байланысты Жаратушымыз қасиетті Құранда: «Асырандыларың бел балаларың бола алмайды. Бұл сендердің ауызбен айтқан сөздерің ғана, шындықты Алла айтады. Тура жолды да Ол көрсетеді. Оларды әкелерінің атымен шақырыңдар. Бұл – Алланың құзырында әділдікке жақыны. Егер әкелерін білмесеңдер, сонда олар дінде бауырларың, достарың. Қателескен мәселелерде күнә жоқ. Бірақ әдейі біліп істегендеріңнен жауапқа тартыласыңдар. Алла өте жарылқаушы, аса мейірімді» делінген. («Ахзаб» сүресі, 4-5 аяттар). Аятта айтылғандай, дінімізде әке-шешесі бар баланы асырап алып, өз атымызға тіркеуге болмайды. Бірақ ата-ананың жылы алақанына, жәрдеміне мұқтаж жетім жандарға қарау, оларды асырап, үлкен азамат ету – дінімізде өте үлкен сауап әрі адамдық борышымыз. Сүйікті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Ешкімі жоқ жетім балаларды өз асырауына алған адам, менімен жұмақта екі саусақ сияқты көрші болады», – деп, сұқ саусағы мен ортаншы саусағын бірге көрсеткен. Алайда жетім балаларды асырап алғанда да, тегін (фамилиясын) өз атыңызға ауыстыруға болмайды.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста