Ажырасқаннан кейін туылған балаға кімнің тегі беріледі?
Күйеуімнен аяғым ауыр кезімде заң бойынша ажырасып кеттім. Жуырда сәбилі болдым, енді оның туу туралы куәлігін толтырған кезде күйеуімнің фамилиясын жаздыртуым керек пе? Негізі, әкесінің фамилиясын жазуға қарсы емеспін, өйткені ол – қанша дегенмен баламның өз әкесі.
Сәлима Әбілқайырова, Теміртау қаласы
Әділет саласы мамандарының кеңесіне қарағанда, ҚР «Неке және отбасы туралы» кодексінің баптарына сәйкес, ананың неке өз күшінде болғанда көтерген сәбиінің туылуын мемлекеттік тіркеуге алу кезінде некенің бұзылғанынан 280 күннен артық уақыт өтпесе, оның тегі жалпы негізде жазылады, яғни айтылған уақыт өтпесе, сәби әкесінің фамилиясын иеленеді. Сонымен бірге туу туралы куәліктің «әкесі» деген жолағына анасымен некеде болған адамның аты-жөні жазылады. Бірақ ата-анасының, әсіресе әкесінің келісімі бойынша оның фамилиясын жазуға да, басқа фамилияны жаздыруға да болады.