«Азаматтық бюджет жасақтау керек» дегенді жиі естіп қаламын. Осы азаматтық бюджет дегеніміз не?
Нұрлан АЛДАБЕРГЕН, студент
Бүгінде қоғамға түсінікті форматта бюджеттің атқарылуы туралы ақпаратты жариялау талап етіледі. Мысалы, Салық комитеті мүдделі ұйымдардан түсетін салық түсімдері туралы деректерді ашық жариялап отыр. Осы ақпарат салықтық құпия болып табылмайды. Жалпы, бюджеттің ашықтығына қатысты халықаралық тәжірибеде азаматтық бюджет тәсілі бар. Азаматтық бюджет – бұл қаржы саласында маман болып табылмайтын азаматтар үшін еліміздің бюджетін жалпылама түсінікті етіп сипаттау. Осыған орай жуырда Қаржы министрлігінің сайтында қоғам үшін «Азаматтық бюджет» бөлімі ашылды. Қазірде министрлік сайтындағы «Азаматтық бюджет» бөліміне есеп түрінде емес, негізінен халыққа түсінікті үлгідегі бюджеттің орындалуы туралы ақпараттарды да орналастыруды бастады. Бұл үрдіс қоғам үшін түсінікті әрі пайдалы болады деп сенім артуға болады.
Азаматтық бюджет дегеніміз не?
Последние статьи автора