Автожир деген не?
Телеарна жаңалықтарынан автожир аппараты дегенді естіп қалдым. Бұл қандай аппарат? Әуе техникасының бір түрі ме?
Нұрберген Қарабаев, Ақтөбе облысы
Автожир деп қаңғалақ қанатты ұшу техникасын айтады. Мұндай әуе көлігі қаңғалақ қанатының авторотация режимінде еркін қозғалуына негізделеді. Тікұшақтың бір түрі саналатын автожирді «гироплан», «гирокоптер» немесе «ротаплан» деп те атайды. Бұл техниканың көтергіш күші оның салмақ түсетін бұрандасынан туады. Автожирлерді ең алғаш 1919 жылы испан инженері Хуан де ла Сиерва ойлап тапқан. Оның өнертабысы 30-жылдары кең қолданысқа ие болды. Кейінгі жылдары автожир үлгілерін жаңартып, жетілдіру етек алды. Бүгінде оның екі-үш адамға арналған түрлері қолданылады. Автожирді басқару аппараттың ұшу жылдамдығына тәуелді емес.