Ауылы көп облыс қайсы?
Еліміздің қай облысында ауылдық елді мекендердің қатары көп? Бұл жөнінен қай облыс алда?
Жәнібек Ермахан, Алматы қаласы
ҚР Статистика агенттігі мамандарының мәліметінше, ауылдық елді мекендерінің саны жағынан Оңтүстік Қазақстан облысы көш бастайды. Бұл аймақта 873 ауыл бар. Бұдан кейінгі орындарда Шығыс Қазақстан (789) мен Алматы (762) облыстары тұр. Солтүстік Қазақстан облысына – 714, Ақмола облысына – 656, Қостанай облысына 652 ауылдық елді мекен кіреді. Ауыл мәртебесі бар елді мекендерінің саны жөнінен ең соңғы орынды Маңғыстау облысы иеленеді. Бұл өңірде бар болғаны 57 ауыл бар. Ал әкімшілік-аумақтық бөлінуі жағынан облыстарға тең келетін Алматы мен Астана қалалары аумағында дербес ауылдық елді мекендер жоқ. Жалпы, елімізде 7066 ауыл тіркелген.