Мен ауыл дәрігері болып жұмыс істеймін. Ауылдық жерлердегі маман тапшылығы, әсіресе сапалы дәрігерлердің жетіспейтіндігі алаңдатады. Елді мекендерді жас маманмен қамтамасыз ету мәселесі қаншалықты жүзеге асуда? Осы бағытта қабылданған «Ауылдық ипотека» бағдарламасының артықшылығы неде?
Сабыр ЕСЕНБЕКҰЛЫ, Павлодар облысы
Ресми деректерге сенсек, кейінгі үш жылдың қорытындысы бойынша ауылдарға жұмысқа келген мұғалімдер саны – 1,8 есе, ал дәрігерлердің саны 2,7 есеге өсті. Осы кезеңде еліміздің түкпір-түкпірінде орналасқан ауылдарға 18724 әлеуметтік сала маманы, олардың ішінде – 14035 мұғалім, 3735 – денсаулық сақтау, 585 – мәдениет, 171 – әлеуметтік сақтау, 198 спорт салаласының мамандары тартылды.
«Ауылдық ипотека» бағдарламасының сенімді өкілі (агенті) «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ болып табылады. Бұл бағдарлама ауылға жұмысқа келген бюджеттік саланың жас мамандарына тұрғын үй сатып алуға жылдық 0,01% жеңілдетілген үстемемен несие алуға мүмкіндік береді. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ мәліметі бойынша, бұл бағдарлама жүзеге асқалы бері 4858 жас маман қормен келісімшартқа отырды. Берілген несиелердің жалпы сомасы 6,4 млрд теңге. Қазіргі таңда несиелерді қайтару жұмыстары да белсенді жүріп жатыр. Жоспарланған 320,7 млн теңгенің орнына 339,5 млн теңге қайтарылды.
«Ауылдық ипотека» бағдарламасының артықшылығы неде?
Последние статьи автора