Атақты физик-теоретик, теориялық физиканың негізін қалаушы, Нобель сыйлығының иегері Альберт Эйнштейннің (1879 – 1955) кезінде Израиль президенттігіне ұсынылғаны рас па?
Мағжан ЖАЛҒАС, Алматы
1952 жылы Израильдің бірінші президенті Хаим Вейцман сырқаттан қайтыс болған соң, сол кездегі Израиль премьер-министрі Давид Бен-Гурион ғалым Альберт Эйнштейнге еврей елінің президенті болуға ұсыныс жасаған. Алайда әйгілі ғалым елді басқаруға қабілеті жетпейтінін, адамдармен қарым-қатынас жасауда тәжірибесі жоғын айтып, бұл лауазымнан бас тартқан. Израильдің алғашқы президенті химик ғалым, саясаткер болған еді.
Айта кету керек, Израиль – парламенттік республика. Сондықтан бұл елде президент лауазымы премьер-министр секілді маңызды рөл атқармайды.
Атақты ғалым А.Эйнштейн Израиль президенттігіне ұсынылған ба?
Последние статьи автора