@ символы «айқұлақ» деп аталады

@ символы «айқұлақ» деп аталады

Электронды поштадағы @ белгісі нені білдіреді? Неге бұл белгі «собачка» деп аталады?
Жазира Мұхтарқызы,
Шығыс Қазақстан облысы
Өте қызық сұрақ. Иә, интернетті күнделікті қолданатын кез келген адам күніне бірнеше мәрте @ белгісін теруі мүмкін, бірақ көпшілік бұл белгінің мәнін, қызметін ұға бермейді. @ – интернеттің ерекше символы. Кейінгі жылдары атал­ған белгінің кең қолданыла бастағаны соншалық, ол 2004 жылы Морзе әліпбиіне ресми түрде енгізілді. Сонымен, @ қайдан шықты дегенге келер болсақ, ең алғаш бұл белгі ортағасырлық жазбаларда қол­данылған екен. Ортағасырлық Еуропа­ның монахтары оны орыс тіліндегі «на», «в» деген шылаулардың орнына пайдаланған. Ал Испания мен Францияда «арроба» деп аталатын салмақ өлшем бірлігі осы белгімен белгіленген. @ символының қазіргі ресми атауы – «at». Ал @ белгісін әркімнің эл­ек­­тронды поштасына қолдануды «e-mail»-­ды қалыптастырушылардың бірі Томилсон ойлап тапқан. Ол компьютердің пернетақтасынан ешкімнің есімінде кез­деспейтін белгіні іздеген кезде осы сим­волға тоқталыпты. Сөйтіп, интернетті қол­данушының аты мен пошта мекен-жайындағы домен атауын бөліп тұратын белгі ретінде @ таңдалып алынған. Бір қызығы, бұл белгі әр елде әртүрлі жану­ар­дың атымен аталады. @ Ресейде – «күшік», Италияда – «ұлу», Дания мен Норвегияда – «піл», Америкада – «мысық», Болгария, Германия және Поль­шада – «маймыл», Чехияда «маринад астындағы сельд» делінсе, Сер­бия мен Вьетнамда – «дөңгеленген А», ал жапондықтар бас­қалардан ерекшеленіп, мұны «иірім» деп атайды. Бұл белгінің қазақшасын біздер «айқұлақ» деп жүрміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста