Ат әбзелдерін атымен білейік

Ат әбзелдері – ер-тұрманның бөлшектерін, олардың толып жатқан атау­ла­рын және олардың атқаратын қызметтерін қазіргі жастардың білмейтіні рас. Соларды атап берсеңіздер екен.
Қожагелді БАЙКЕНОВ,
Алматы
Ер-тұрман, ат әбзелдерінің бәрі салт атқа мініп жүру үшін жасалған құ­рал­дар. Олар: айыл – атқа ерді бекітуге ар­нал­ған жабдық; ат дорба – атқа жем бе­руге арналған әбзел; ат тарақ – аттың жалын тарайды; ауыздық – аттың басын қалаған жаққа бұруға, тежеуге арналған шығыршық темір; ашамай – ер; белдік – қа­йыстан, былғарыдан қайып тігілетін бау; бұғалық – жылқыны ұстау үшін жа­сал­ған құрал; делбе – шанаға жегілген ат­ты бұрып отыруға арналған; доға – ат­ты шанаға жеккенде қамытты тәртеге жал­ғас­тыратын әбзел; ер – салт мініс әбзелі; ер­шік – жегу әбзелдерінің бірі; жабу – мал­дың үстіне жабатын жамылғы; желдік – тоқым мен ер қапталының арасына са­лынатын киіз; жүген – жылқыны жөнге кел­тіріп отыратын әбзел; көтерме – атты ар­баға, шанаға жеккенде ағаш жетегін кө­теретін бау; көпшік – ердің үстіне тө­се­летін төсеніш; кәсен – жылқыны ма­тау әбзелі; қамшы – атты жүргізу үшін са­балап отыруға арналған құрал; қамыт – кө­лікті арбаға немесе шанаға жегу үшін пайдаланылады; қанжыға – салт атқа бөктерген затты байлайтын жіңішке қа­йыс таспа; өмілдірік – ердің артқа кет­пе­уін қамтамасыз етеді; өре – аттың ал­дыңғы және артқы аяғына салатын тұсау; та­ға – жылқының мұздан таймауы үшін тұя­ғына қағылады; тебінгі, тепкіншек – ер-тұрманның құрамына жататын әб­зел­дер­дің түрі; терлік пен тоқым – ердің ат ар­қасына батпауы үшін төселеді; тұсамыс – жылқы ұзап жайылып кетпес үшін ал­дың­ғы екі аяғына салынады; үзеңгі – атқа оты­руға және аяқты қойып отыратын құ­рал; шідер – атты матау әбзелінің бірі: ші­лия – қамытты аттың мойнына кетірмеу үшін пайдаланылатын әбзел.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста