Астанада жаңа опера театры ашылды

Астанада жаңа опера театры ашылды деп естіген едім. Сол өнер ордасы жайында қысқаша мәлімет берсеңіздер?! Театр несімен ерекшеленеді?
Назар Сұлтан,
Алматы
Астанада жаңа опера театрының сал­танатты ашылуы желтоқсанның 15-і күні өтті. Салтанатты ашылу шарасына Қазақстан Рес­публикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысқан болатын. Жаңа клас­сикалық опера және балет театры Тұран даң­ғылында орналасқан. Жаңа теа­тр­дың көрер­мендер залы 1250 орынға ес­ептелген, ал камералық музыка залы 250 орындық. Театрға келетін көрермендерге ың­ғайлы болу үшін 326 орындық жерүсті және 92 орындық жерасты автотұрағы салынған. Жоба сәулет­шілерінің айтуынша, классикалық театрдың жаңа ғимараты – грек-рим және қазақ сәулет өнерінің қо­сындысын пайдаланып, ортақ үлгі жасаудан туған ізденістің жемісі. Салтанатты шарада Елбасымыз: «Биылғы Қазақстан халқына Жолдауды біз осы жаңа «Астана Опера» театрында өткізуіміздің мәні зор. Бұл – ел­ор­даның тағы бір бірегей сәулет құры­лыстарының жетістігі. Оның бой көтеруінің өзі – мемлекеттің ұлттық мәдениетті дамы­ту­дағы айрықша қамқорлығының көрі­нісі», – деген болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста