Астана-Бурабай жолы ақылы болатыны әуел бастан белгілі. Ал енді олардың ақысы қанша? Бұл жолдарды жүріп өткені үшін жеңіл көліктер қанша сома төлеуі керек?
Дидар ҚУАТҚЫЗЫ, студент
Бұл ретте келесі жылдан бастап Астана-Бурабай автобанындағы баға жеңіл көліктер үшін – шақырымына 2 теңге, ал коммерциялық көліктерге шақырымына 15 теңге болып белгіленіп отыр. Оның ішінде автобустарға 5 теңгеден 15 теңге аралығында ақы төлеуге тура келеді. Ал осы автомагистраль бойында орналасқан елді мекеннің тұрғындары үшін онымен жүру тегін болады. Өйткені оларға бір күннің ішінде осы жолмен бірнеше мәрте қатынауына тура келеді. Сондықтан жол бойы елді мекендер тұрғындарынан ақы алынбайды.
Естеріңізге сала кетейік, ұзақтығы 224 шақырым болатын еліміздегі алғашқы үлкен жылдамдықты Астана-Бурабай автомагистралінің құрылысы 2006 жылы басталған болатын. Алты жолақты жаңа жол техникалық санаты 1-А параметрлеріне сәйкес келеді. Жолдың есепті жылдамдығы сағатына 150 шақырымды құрайды. Жобаның құны – 115 млрд теңгеден астам.
Астана-Бурабай автомагистралінің ақысы қанша?
Последние статьи автора