Әскери полиция немен айналысады?
Еліміздегі әскери полиция қашан құрылған? Бұл құрылымның міндеттері қандай?
Елемес, Алматы қаласы
Еліміздегі әскери полиция 1997 жылы сәуір айында «ҚР құқық қорғау органдары жүйесін одан әрі реформалау шаралары туралы» Президент Жарлығымен құрылған. 2005 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Әскери полиция органдары туралы» Заңы ҚР Қарулы Күштері әскери полиция органдарының құқықтық негіздерін, ұстанымдарын, міндеттері мен жүйесін анық белгіледі. Бүгінде әскери полиция органдарында заманауи қару-жарақ құралдары және әскери техникамен қамтамасыз етілген төрт әскери полиция жасағы, 16 бөлімі, төрт бөлімшесі және әскери полиция мамандарын даярлайтын орталығы бар. Енді әскери полицияның басты міндетіне келсек… Бұл құрылым Қарулы Күштер саласындағы құқық қорғауды қамтамасыз ету мен әскери қылмыстардың бетін ашу мақсатында жұмыс жасайды.