Арыз-шағым нәтижесін онлайн режімінде бақылай аласыз

Арыз-шағым нәтижесін онлайн режімінде бақылай аласыз

«Еліміздің кез келген тұрғыны өздерінің берген арыз-шағымдары бойынша қандай шара қолданылып жатқанын онлайн режімінде бақылап отыра алатын болыпты» деп естідім. Осы рас па?
Жеткер Жасұзақов,
Шығыс Қазақстан облысы
Еліміздің кез келген азаматы мемлекеттік органдарға жазған арыздары бойынша қандай шара іске асырылып жатқанын онлайн режімінде бақылай алады. Бұл туралы Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері прокурорлары халық­аралық қауымдастығының VI Өңірлік кон­фе­ренциясы барысында Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есеп ко­митетінің төрағасы Марат Ахметжанов мәлім етті.
Енді азаматтардың арыз-шағымдары мін­детті түрде Бас прокуратураның құқықтық статистика жөніндегі базасында тіркеледі. «Яғни енді жасалған қылмыстарға қатысты қандай да бір қитұрқы әрекеттер жасауға болмайды және еліміздің әрбір тұрғыны немесе қандай да бір ведомствоның басшысы белгілі бір арыз немесе шағым бойынша қолданылған шараларды онлайн режімінде бақылап отыра алады», – деді комитет төрағасы.
«Мұндай жүйе бүгінде тек Корея Респуб­ликасында ғана бар көрінеді. Ол «ашықтық жүйесі» деп аталады. Ал біз «Айқын» деген жүйені іске қосамыз. Бұл ҚР Байланыс және ақпарат министрлігімен бірге жүзеге асырылады. 2012 жылдан бастап, барлық мемлекеттік ор­гандар бірыңғай режімде жұмыс істейтін болды. Яғни республикамыздың кез келген азаматының арызы, қай мемлекеттік органға жазылғандығына қарамастан, «Айқын» жүйесінің мәліметтер ба­за­сында орналасады», – дейді М.Ахмет­жанов.
Оның айтуынша, мұндай жүйе прокуратура қызметкерлеріне жағдайды назарда ұстап, оны талдап, сараптап, нақты басқарушылық шешім қабылдауына мүмкіндік береді. «Мысалы, про­куратура қызметкерлері азаматтардың қандай мәселелер бойынша және қай органға көп шағымданатынын, қоғамда қандай проблемалар болып жатқанын біліп отырады», – дейді комитет төрағасы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста