«Аршын мал-алан» деген опера үнемі қойылады. Атауының өзін түсінбеймін, не мағынаны білдіреді?
Жанна АБДУЛЛИНА, Павлодар қаласы
Әзірбайжан халқының әлемге әйгілі классикалық бұл туындысы ХХ ғасырдың басында, 1913 жылы Санкт-Петербургте жазылған. «Аршин мал-алан» – көше кезіп мата сатушының үнемі айғайлап айтатын сөзі. Яғни «аршин мал-алан» әзірбайжан тілінен аударғанда «мата сатушы» дегенді білдіреді. Туындының сюжеті бойынша басты кейіпкер Әскер – үйлену шағына жеткен жігіт. Алайда үйленейін десе, ұлттық салт-дәстүр бойынша елде қыз атаулы бетін бүркеніп жүреді, сондықтан жақсы көру, жүрек қалауы бойынша отау құру деген ол халықта жоқ. Әскерді қинайтыны да – осы, яғни ол қалыңдығын көріп, сүйіп алғысы келеді. Не істемек керек? Тек бір жағдайда ғана қыздың бетін көру мүмкін, қыздар өзіне киім тіктіруге мата таңдауда ғана беттерін ашады. Амал жоқ, жігіт көше кезіп, мата сатушы кейпіне енеді.
Узеир Гаджибековтің «Аршын мал-аланы» алғаш 1918 жылы Зейналабдина Тагиевтің театрында қойылған соң, бірден резонанс туғызғаны соншалықты, дүниежүзінің 75-тен астам тіліне аударылып, әлемнің 76 елінің 187 театрында сахналанған.
«Аршын мал-алан» деген не?
Последние статьи автора