Араб мемлекеттерінің лигасы – халықаралық ұйым
Араб мемлекеттерінің лигасы Еуропалық одақ сияқты тығыз интеграцияға негізделген бе? Олардың нақты саны қанша?
Қуаныш МЕРЕКЕ, Алматы
Еуропалық одақ экономикалық және саяси тұрғыда мемлекеттердің бірігуі болса, Араб мемлекеттерінің лигасы халықаралық ұйым болып табылады. 1945 жылдың 22 наурызында құрылған АМЛ-ға 22 араб мемлекеті мүше болып табылады. Каир қаласында Египет, Ирак, Ливан, Сауд Арабиясы, Сирия, Трансиордания (қазіргі – Иордания) сияқты жеті мемлекеттің келісімімен құрылды. Штаб-пәтері осы қалада орналасқан. Бұл ұйым алты құрылыммен жұмыс істейді. 1) Лига кеңесі 2) Тұрақты комитеттер 3) Біріккен қорғаныс кеңесі 4) Экономикалық кеңес 5) Бас хатшылық
6) Арнайы агенттіктер мен институттар. Сонымен қатар бес тұрақты емес комитет бар. Олар: саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени, әкімшілік және қаржы, құқықтық мәселелермен айналысады.