Әр елдiң парламентiнiң төл атауы қандай?
Менiң бiлуiмше, әр елдiң парламентiнiң төл атаулары бар екен. Кейде олар төл атауларымен аталғандықтан, заң шығарушы орган емес деп шатастырып алып жатамыз. Әлемдегi мемлекеттердiң заң шығарушы органдарының төл атаулары қалай аталады?
Нұржан АНДАЕВ, Алматы қаласы
Парламент әр елдiң жоғары өкiлдi заң шығарушы органы болып есептеледi. Рас, әр елдiң парламентiнiң төл атаулары бар. Мәселен, АҚШ пен Латын Америкасының көпшiлiк елдерiнде – Конгресс, Испанияда – Бас кортес, Норвегияда – Стортинг, Швецияда – Риксдаг, Үндiстанда – Сансад, Ресей Федерациясында – Мемлекеттiк Дума және Федералды Кеңес, Польша, Литва мен Латвияда – Сейм, Эстонияда – Рийгикогу, Украинада – Жоғары Рада, Израильде – Кнессет, Германияда – Бундестаг, Исландияда – Альтинг, Ирландияда – Ойрахтас, Кубада – Ұлттық ассамблея, Британияға қарасты Тэн аралында – Тинвальд, Түркияда – Межлис, Өзбекстанда – Олий мәжiлiс, Әзiрбайжанда Милли мәжiлiс деп аталады.