Декреттік демалыстан кейін 2012 жылдың 1 қарашасына дейін ақысыз демалысқа шыққан қызметкер 28 қазанда келіп, жұмысқа шығатыны жайлы айтып, бірақ өтініш жазбай кеткен еді. Қараша айының соңында жұмысқа шығатыны туралы өтініші почта арқылы келді. 1 желтоқсаннан жұмысқа шықты. «Қараша айынан жұмысқа өтініш жазғанмын, сіздер маған бір ай кешігіп бұйрық шығардыңыздар, енді сол уақыттың ақысын төлеңдер, әйтпесе сотқа берем» деп отыр. Қызметкердің осы талабы заңды ма?
Айғаным, Жамбыл облысы
ҚР Еңбек кодексінің 195-бабына сәйкес, жұмыс берушi қызметкерге:
1) ата-анасының қалауы бойынша – баланың анасына не әкесiне;
2) баланы жалғыз тәрбиелеп отырған ата-ананың бiреуiне;
3) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы iс жүзiнде тәрбиелеп отырған әжесiне, атасына, басқа туысына немесе қамқоршысына;
4) жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған қызметкерге бала үш жасқа толғанға дейiн баланың күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс беруге мiндеттi. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс осы баптың 1-тармағында көрсетiлген қызметкердiң жазбаша өтiнiшi негiзiнде оның қалауы бойынша толық немесе бөлiнiп пайдаланылуы мүмкiн. Бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақы сақталмайтын демалыс уақытында қызметкердiң жұмыс орны (лауазымы) сақталады. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бала үш жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс уақыты жалпы еңбек өтіліне, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне есептеледi.
Бала үш жасқа толғанға дейiн бала күтiмi бойынша жалақысы сақталмайтын демалыс аяқталғанға дейiн жұмысқа шыққан жағдайда, қызметкер жұмыс берушiге өзiнiң ниетi туралы жұмыс басталуынан бiр ай бұрын ескертуге мiндеттi. Аталған нормалар қызметкер баланы үш жасқа толғанға дейін оны күту демалысына шыққан жағдайда қолданылады. Ал қызметкер тек қана ақысыз демалысқа шыққан болса, оның аяқталу мерзімі тараптардың келісімі бойынша алдын ала белгіленуі тиіс.
Ақысыз демалыстан кейінгі жұмысқа шығу тәртібі қандай?
Последние статьи автора