Оразалы ақынды халқымыз жақсы біледі. Ақынның жары Ажар Түзелбекқызы да дүниеден өтті. Ажар жайлы және осы отбасында туған балалардың тағдыры туралы білгім келеді.
Нұрзият, Қызылорда облысы
Күллі қазақты талантымен мойындатқан Оразалыдай айтыскер ақынға адал жар болған қазақ эстрадасының өкілі Ажар Түзелбекқызы Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданындағы Тасты ауылында көпбалалы отбасында туған. Үйдегі алты баланың кенжесі. Ажар ауыл мектебін тамамдаған соң Алматыға келіп, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында оқыды. Қазақ тыңдармандарына «Анаға хат», «Сағындым сені» әндерімен жақсы танылған әнші Оразалы бақилық болғаннан кейін артынан қалған мұрасын жинақтап, жоқтаушысы бола білді. Еліміздің қай өңіріне гастрольдік сапармен барса да, ол әр концерттік бағдарламасын Оразалыны еске алу сипатында өткізетін. Ал Ораздан қалған екі тұяқ – Нұрайша мен Нұрсұлтан бүгінде А.Жұбанов атындағы музыка мектебінде білім алуда. Ажардың кейінгі жолдасынан да екіден енді асқан бір бала қалды. Балалар бүгінде туыстарының қамқорлығында. Биылғы жылдың мамыр айында жол апатынан көз жұмған Ажар Түзелбекқызына топырақ туған ауылынан бұйырды.
Ақын отбасы туралы білгім келеді
Последние статьи автора